preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Райымбек ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Райымбек ауданында ​ болды.​

Жұма намазының алдында​ облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Азамат Бексұлтанұлын таныстырып,​ қызметіне сәттілік тіледі.​ Сондай-ақ, облыс бас имамы бұған дейін​ Райымбек ауданының бас имамы болып қызмет атқарған​ Манап Исаболға​ алғыс айтты.

Сапар барысында облыс бас имамы Райымбек ауданының әкімі​ Берік Фатықұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал​ және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұдан бөлек, облыс бас имамы аудан басшысына аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінің жаңа бас имамы Бұхарбеков Азамат Бексұлтанұлын таныстырды.