preloader

Жаңалықтар

Республика күніне орай балаларға базарлық үлестірілді

Республика күніне орай балаларға базарлық үлестірілді

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Көкқайнар» ауылдық мешітінде балаларға сый жасалды.

Аудан бас имамы Дархан Аманұлының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада ойын батуты қойылып, бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді. Шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпаққа мерекелік көңіл-сүй сыйлай отырып, діні мен дәстүрін қатар ұстайтын және елінің патриоты болатын жастардың тәрбиесіне ықпал ету.

Мерекелік шараға Алматы облысының наиб имамы Сәкен Еншібайұлы арнайы келіп, облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлының құттықтауын жеткізді. Жергілікті әкімдіктің өкілі, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімінің бірінші орынбасары Кенже Мұратбекқызы да қатысып, жылы лебізін білдірді.