preloader

Жаңалықтар

«Сағынышқа толы салауат» атты рухани кеш өтті

«Сағынышқа толы салауат» атты рухани кеш өтті

Қарасай ауданына қарасты Бекболат ауылындағы «Несіпжан қажы» мешітінде «Сағынышқа толы салауат» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

Мешіт ұстазы Әсем Абылайқызының шәкірттері ардақты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнау оқып, салаут айту арқылы шара шымылдығын ашты.

Осыдан кейін жамағат арасында бір ай көлемінде өткен салауат жарысының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар анықталды. Қонақтар арасында сұрақ-жауап сайысы өтіп, сыйлықтар үлестірілді.

Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы және блогер, психолог Санира Шаймұратқызы қатысып, аталмыш шараны тамашалады.