preloader

Жаңалықтар

Сейітқали қажы Есімбекұлының құрметіне арналған бокстан V-ші ашық Республикалық турнир өтті

Сейітқали қажы Есімбекұлының құрметіне арналған бокстан V-ші ашық Республикалық турнир өтті

Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданында Қарасай, Жамбыл аудандарының құрметті азаматы, спорт ардагері Ыбытаев Сейітқали қажы Есімбекұлының құрметіне арналған кіші жасөспірімдер арасында бокстан V-ші ашық Республикалық турнир өтті, деп хабарлайды hilal.kz діни ақпараттық сайты Алатау ақпаратына сілтеме жасап.

Жыл сайын дәстүрге айналған шараға еліміз бойынша 8 облыстан жалпы саны 161 спортшы 15 салмақ дәрежесі бойынша  бақ сынады.  Аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы жарысқа қатысушыларды құттықтай отырып, салтанатты түрде шараны ашты.

ӘДІЛБЕК ҚАМБАРҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биылғы турнирдің ерекшелігі көрші Өзбекстан мемлекетінен де арнайы келген 12 спортшы бағын сынады. Шаршы алаңның шаңын шығарып жеңімпаз тұғырына көтерілген спортшылар марапатқа ие болмақ.

ЕЛАМАН ЖҰМАШЕВ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Еліміздің ертеңі жастарымызды дұрыс жолға бағыттап,елін жерін сүйер азамат қылып өсіру, әлем алдында халқымыздың мәртебесін асқақтатар ұрпақ  тәрбиелеу басты борышымыз дейді ауданның құрметі азаматы.

СЕЙІТҚАЛИ ҚАЖЫ ЫБЫТАЕВ

Бүгінгі турнирде Өзбекстандық қарсыласынан басым түскен Жамбыл ауданының тумасы Бекнұр Жұмабек бапкерінің үтітін ақтап,болашақта еліміздің көк байрағын желбіретер чемпион болуды мақсат еткен.

БЕКНҰР ЖҰМАБЕК  ЖЕҢІМПАЗ

Бүгінгі шараның өскелең ұрпақтарымыздың бойына ұлттық рух сыйлап,жан дүниелері  не елінің мақтанышы болу бақытын сыйлағанының куәсі болдық.