preloader

Жаңалықтар

Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген күн

Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген күн

Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған ауылында «Әуелбай ата» мешітінің ашылу рәсімі өтті.

Шамалған жамағаты шаттыққа бөленген салтанатты жиынға облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, жаңа мешітке имам болып тағайындалған Бақыт Көшкінбайұлын халыққа таныстырды. Сондай-ақ елімізге белгілі ұстаздар жамағатқа ізгі тілегін жолдады. Ұстаз Әбдіжаппар Сманов жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, батасын берді.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жаңа мешітте жұма уағызын айтып, жамағатпен бірге алғашқы жұма намазын оқыды.