Шошанай ауылында ақсақалдар арасында бата жарысы өтті
Алматы облысы, Ұйғыр ауданына қарасты Шошанай ауылындағы «Шәкәрімқажы» мешітінде ақсақалдар арасында тағылымы мол бата жарысы ұйымдастырылды.
Рухани шара барысында ел ағалары қазақ халқының асыл мұрасы – батаның мәні мен маңызын дәріптеп, ұрпаққа өнеге боларлық нақыл сөздер айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Әрбір батада береке мен бірлікке, имандылық пен ізгілікке үндеген терең мағына көрініс тапты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
1. Молдамуратов Әбіш ата (Шарын ауылы)
2. Мухамеджанов Дәулетхан (Қырғызсай ауылы)
3. Қуанышбай Доғай (Бахар ауылы)
Шара барысында қатысушыларға құрмет ретінде иықтарына шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді. Қариялар ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға өз үлестерін қосып, көпшілікке рухани өнеге көрсетті.
Осындай игі бастамалар жас буынның тәрбиесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.



