preloader

Жаңалықтар

«ШЫНАСЫЛ» МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

«ШЫНАСЫЛ» МЕШІТІНДЕ ШӘКІРТТЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

Алматы облысы, Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінде мешіттен тәлім алып жүрген шәкірттер арасында діни тақырыптағы «ӘУЕЛІ ҮЙРЕНЕТІН БІР ҒЫЛЫМЫҢ, ӨЗІҢНІҢ МҰСЫЛМАНША ДІН ҒЫЛЫМЫҢ» атты зияткерлік білім сайысы өтті.
Аталмыш шараға Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Сәкен Еншібайұлы арнайы келіп әділқазылық етті. Сонымен қатар Жамбыл аудандық «Шынасыл» мешітінің бас имамы Бақыт Абдиисламұлы, Қасымбек ауылдық мешітінің имамы Қадайұлы Әділ, «Ұзынағаш-2» мешітінің имамы Маутхан Қаділбек сынды ұстаз-имамдар қазылық етті.
Аталмыш білім додасына отыздай шәкірт қатысып білімдерін шыңдады.
Бірінші орын алған шәкіртке 30 000₸, екінші орынға 25 000₸, үшінші орынға 20 000 теңге қаржылай сыйлық беріліп, мерекелік дастархан жайылды.