preloader

Жаңалықтар

Студенттерге құмар ойындардың зардабы түсіндірілді

Студенттерге құмар ойындардың зардабы түсіндірілді

Алматы облысына қарасты Іле ауданы Өтеген батыр елді-мекенінде орналасқан «Прогресс» политехникалық колледжінің студенттеріне құмар ойындардың зардабы түсіндірілді.

«Құмар ойынның құрдымы және зардабы» атты кездесу барысында Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша Діни оқу-ағарту бағытына жауапты қызметкер Сәкен Еншібайұлы білім алушыларға асыл дініміздегі құмар ойынның үкімі жайлы айтып, қазіргі таңда оның қоғам дертіне айналып, талай адамның тағдырын талқандап, талай шаңырақтың берекесін кетіргеніне тоқталып, бұл тыйым салынған нәрседен аулақ болуға шақырды.