preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданы: Тәуелсіздік күніне орай эстафеталық жарыс өтті

Қарасай ауданы: Тәуелсіздік күніне орай эстафеталық жарыс өтті

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылдық мешітінің ұйытқы болуымен әйел-қыздар жамағаты арасында эстафеталық жарыс өтті.

Ауызбіршілікті арттыру, ынтымақтастықты нығайту, бауырмалдық қатынастарды күшейту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асқан жарыста спорттық сайыстардан бөлек, қатысушылардың діни білімін тексеруге қатысты да тапсырмалар болды.

4 кезеңнен құралған жарысқа 5 топ қатысып, нәтижесінде 1 орынды «Фирдаус» тобы жеңіп алды. 2 орын «Мариям» тобына бұйырса, 3 орынды «Рауза» тобы қанағат тұтты.

Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы жүлделі орын иегерлерін құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыс етті.