Талғар агро-бизнес колледжінде жастармен кездесу өтті
Алматы облысы бойынша «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағытының жауапты маманы Талғат АбайұлыТалғар агро-бизнес колледжі ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында маман колледждің жас ұстаздар ұжымын келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, ораза ұстауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Ашық форматта өткен сұхбат барысында оразаның рухани және тәрбиелік маңызы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жиын барысында деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, олардың белгілері мен алдын алу жолдары туралы нақты ақпарат берілді. Қатысушыларға жат ағым өкілдерінің ықпалынан сақ болу, діни ақпаратты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылды.



