preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: Әз-Наурыз мейрамына орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды

Талғар ауданы: Әз-Наурыз мейрамына орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды

Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген әз-Наурыз мейрамына орай Алматы облысы Талғар ауданына қарай Тұздыбастау ауылдық мешітінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Алғашқы шара барысында Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы жергілікті мешіттің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері табысталып, осы жанұялардың балаларына «Рамазат тәттілері» үлестірілді.

Дәстүрімізді дәріптеу мақсатында садақ ату, асық ату сияқты ойындар ойнатылып, белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ жиналған көпшілікке ауызашар дастарқаны жайылып, наурыз көже ұсынылды. Нұржан Пірәліұлы көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, ата дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығы жайлы насихат айтты.