preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: Бірлік ауылында жаңа мешіт ашылды

Талғар ауданы: Бірлік ауылында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бірлік ауылында «Әбдіжаппар ата» мешітінің ашылу салтанаты өтті.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлы, аудан бас имамы Нұржан Пірәліұлы қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтады.

Құлшылық үйінің ашылуына келген тұрғындар мен жамағат үшін ақ дастархан жайылып, мешіт құрылысына белсене атсалысқан азаматтарға сыйлықтар табыс етілді.