preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші өтті

Талғар ауданы: «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші өтті

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айына орай Талғар ауданында «Ғаламның рақым нұры» атты Мәуліт кеші ұйымдастырылды.

Мәуліт кешіне «Зекет және қайырымдылық» қорының өңіріміздегі жауапты маманы Ринат Маратұлы қатысып, жиналған қауымға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Аталмыш кеште рухани, діни әндер орындалып, уағыз-насихат айтылды. «Нұр — Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің дайындық курсының шәкірттері қойылым қойып, көрермен көңіліне терең ой салды.

Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар жергілікті дін қызметкерлеріне облыс бас имамының Алғыс хатымен марапаттады. Рухани жиын соңында көрермендерге сыйлықтар таратылып, 100 адамға ақ дастарқан жайылды