preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ИХСАН ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ИХСАН ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

«ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» атты семинар өтті

Талғар ауданы, Бесағаш ауылдық округі, «Зейнетулла ата» мешітінде өңір имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты семинар өтті. Семинарға ауданға қарасты мешіттердің имамдары қатысты. Облыстық Ихсан және насихат бағытының жауапты өкілі Ербол Серікбайұлы  Жәбірейіл ғс хадисі деп танылған Ислам, Иман, Ихсан жайында келген хадисті шархтап баяндама оқыды. Жүргізушілер рухани тәрбие негізі болып табылатын Ихсан ілімі жайлы сөз қозғап, оның маңыздылығын қатысушы имамдарға түсіндірді. Мұсылманның тұлғалық тәрбиесі, қоғам алдындағы әдебі аят-хадистермен, нақты мысалдар арқылы имамдарға түсіндірілді. Көркем мінез бен әдептілік қағидалары халықпен, жамағатпен тікелей жұмыс жасайтын имамдар үшін өте қажет дүние екені айтылды. Семинар соңында аудан имамы Ерқанат Серікұлы биылғы жылғы қызметке сәттілік тілеп, сапалы жұмыс атқаруды тапсырды.