preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: Имам аудан әкімімен кездесті

Талғар ауданы: Имам аудан әкімімен кездесті

Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы жақында ғана ауданның бас имамы болып тағайындалған Ерқанат Серікұлын қабылдады.

Кездесу барысында аудандағы діни аухал, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды. Ерқанат Серікұлы оңалту бағытына басымдылық беріліп, жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде Танат Есенкелдіұлы аталмыш жұмыстарға оң баға беріп, игі бастамаларда әкімдік тарапынан қолдау болатынын жеткізді.