preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА ЖИЫН ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: ИМАМДАРҒА ЖИЫН ӨТТІ

Талғар ауданында Ас беру мәдениеті құжаты негізінде аудан имамдарымен жиын өтті.

Жиынға Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, облыс имамының орынбасары Сүлейменов Талғат Абайұлы, Талғар ауданының Бас имамы Ерқанат Серікұлы және ауданға қарасты мешіт имамдары қатысты. Талғат Абайұлы дінімізде ысырапшылыққа жол жоқ екендігін аят – хадистермен түсіндіріп, ас-садақалардың бәсекеге айнаалмау керектігін тілге тиек етті. Ал, аудан имамы Ерқанат Серікұлы халық арасында пікір таластығын тудырмай, насихатты көркем түрде жеткізу керектігін, қарсылық танытатындардың болатындығын ескертті. Қатысушы имамдар пікірлерін ортаға салып, салт-дәстүрдің Ислам діні негізінде болу керектігін, ас берудегі ысырапшылықтың алдын алу мақсатында ас мәзірі бар екендігін, оны насихаттап жүргендіктерін жеткізді.