preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ»АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ»АЯСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – Ислам діні шеңберінде отбасы құндылығы мен отбасын құрудың маңыздылығын ұғындыру. Жастарды отбасын құрудағы негізгі қағидалармен таныстыру. Шараның ашылу сөзін аудан имамы Ерқанат Серікұлы бастап, әйелдер – қыздар жамағатына қатысты атқарылып жатқан осындай шаралар мен жоспарларды таныстырды. Семинарда
“Нұр-Мүбарак” университетінің оқытушысы, исламтанушы Айгерім Қалқаева отбасындағы ерлі – зайыптылардың міндеті туралы насихат айтып, сауалдарға жауап берді.