ТАЛҒАР АУДАНЫ КЕҢДАЛА АУЫЛЫ МЕШІТІНДЕ «ҚҰРАН КУРСЫ» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Алматы облысы өкілдігінің Талғар ауданы бойынша әйел-қыздар секторы ұйымдастырған діни сауат ашу бағытындағы «Құран курсы» өз мәресіне жетті.
Курс барысында бастауыш топ шәкірттері Құран әліппесі мен Құран оқудың негізгі ережелерін меңгеріп, қасиетті Құранды оқуға алғашқы қадамдарын жасады. Ал жалғастырушы топ шәкірттері Құран Кәрімдегі ең ұзын сүре – «Бақара» сүресін толықтай тәжуид ережелеріне сай оқып шықты.
Сабақтар барысында ұстаздар Құран ілімінің маңызы, білім алудың артықшылығы, сондай-ақ Құранды оқып, оның аяттарына амал етудің берекесі жөнінде тағылымды насихаттар айтты.
Курс соңында шәкірттерге сертификаттар табысталып, кітаптар сыйға тартылды.
Алла Тағала шәкірттердің алған білімдерін пайдалы етіп, Құранды жүректеріне нұр, өмірлеріне бағыт-бағдар етсін!



