preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы мешіттерінде “Пәтуа сағаты” өтті

Талғар ауданы мешіттерінде “Пәтуа сағаты” өтті

Талғар ауданына қарасты жамағаты көп шоғырланған мешіттерде ҚМДБ-ның “Пәтуалар жинағы” (1–5 кітап) негізінде “Пәтуа сағаты” атты түсіндіру шарасы өтті.
Шара барысында имамдар жинақтағы өзекті тақырыптарды таңдап алып, олардың мәні мен мағынасына тоқталып, жамағатқа түсінікті түрде түсіндірді.
Қамтылған пәтуа тақырыптары:
-Өз-өзіне қол жұмсау (суицид) үкімі
-Азаматтық некенің үкімі
-Парақорлықтың үкімі
-Ұшыр нисабы мен шығынына қатысты үкім
-Шұлыққа мәсіх тарту үкімі
Араб тілінде “пәтуа” сөзі — керекті мәселе немесе іс жөнінде шариғат ілімін терең меңгерген ғалымның шығарған шешімі, тоқтамы немесе қорытындысы деген мағынаны білдіреді.
“Пәтуа сағатының” негізгі мақсаты — ҚМДБ бекіткен пәтуаларды жамағатқа кеңінен таныстыру, діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жат діни ағымдардың бұрмаланған үкімдерінен сақтандыру болып табылады.
Осындай игі шаралар арқылы мешіт жамағатының діни танымы кеңейіп, қоғамдағы рухани бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына өз үлесін қосуда.