preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫ: ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫ: ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ

Талғар ауданы, Панфилов ауылдық «Зам – Зам» мешітінде Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша жасөспірімдер арасында аудандық байқау өтті.

Байқауға ауданға қарасты мешіттер бойынша барлығы 42 шәкірт қатысты. Шәкірттерді Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, оқу -ағарту бағытының жауапты маманы Еншібай Сәкен, қари мамандар «Қожабек ата» мешітінің наиб имамы Қаражанов Дінасыл, «Достық» мешітінің наиб имамы Модасеитов Өркен, «Рахымберген қажы» мешітінің наиб имамы Набижанов Омар қазылық жасап, бағалады. Байқау қонақтары ретінде облыстық маслихат депутаты Нұрдаулетов Сұлтан Нұрғайыпұлы, ақын, сазгер, Білім беру ісінің үздігі Камнұр Тәлімұлы, Талғар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рахымбердіұлы Матан ақсақал, ардагер имам Қанат қатысып, ақ батасын берді. Аудандық байқауға кәсіпкер Асқар Файзуллаұлы демеушілік жасады. Арнайы жайылған дастархан басында Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Маратұлы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ауыл тұрғындарына лебізін арнады.

Өз кезегінде Талғар ауданының бас имамы Ерқанат Серікұлы барлық қонақтар мен қатысушыларға өз атынан алғысын білдіріп, мұндай рухани шаралардың жалғасын таба беретінін атап өтті. Байқау нәтижесі бойынша ІІІ орынды «Қызыл Ту» мешітінің шәкірті Өмірхан Харун (25 000), ІІ орынды «Достық» мешітінінен Берікұлы Саидулла (35 000), І орынды «Ибрахим Халил Алла» мешітінен Дінмұхаммед Хамза (50 000) иеленсе, Бас жүлдені «Қожабек ата» мешітінің шәкірті Орнықбайұлы Есіл (70 000) иеленді. Екі шәкіртке 10 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Қатысқан қонақтарға сый – сияпат табысталып, арнайы дастархан жайылды.