preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

Талғар ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай өңіріміз бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлының ұйымдастыруымен Құран курсының ұстаздары Талғар ауданының дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.

Шараның алғысөзін алған Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы ұстаздарға қымбат уақытын бөліп келгені үшін алғыс айтып, қатысушы дін қызметкерлеріне дәрістерге тұрақты түрде қатысуын тапсырды.

Осыдан кейін Абдухалық қари Абдумажитұлы, Саидахмет қари Құрбанұлы және Нүриддин Абдүшүкүрұлы сияқты білікті мамандар жергілікті имамдарға 2 айлық Құран курсының кезекті сабағын офлайн форматта өткізді.

Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.