ТАЛҒАР АУДАНЫ: ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
Талғар ауданы, Қызыл Қайрат қарилық Құран жаттау орталығы 15 – 25 жас аралығындағы шәкірттер арасында Құран сайысын ұйымдастырды.
Шараға барлығы 42 шәкірт қатысып, бақ сынады. Шәкірттерге «Айкен ана» мешітінің ұстазы Есмұрзаев Бауыржан және «Арын қажы» мешітінің ұстазы Бувраев Хусниддин төрелік етті. Бақ сынаған Мұрат Төреқұлұлы атындағы қайырымдылық мекемесі, Хафиз қайырымдылық мекемесі және Қызыл Қайрат қарилық медресесінің шәкірттері. Нәтижесінде 3 парадан 1 орынды Қайратұлы Рамазан, 5 парадан 1 орынды Мұқанұлы Мұхаммедали, 10 парадан 1 орынды Күдібай Есхат, 20 парадан 1 орынды Палаубек Шыңғыс иеленді. Шәкірттерді аудан имамы Ерқанат Серікұлы құттықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.