preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: Құран жарысы ұйымдастырылды

Талғар ауданы: Құран жарысы ұйымдастырылды

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылдық «Алаш арыстары» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жамағат арасында өткен шараға Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы және Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынға Гүлдала ауылдық мешітінің атынан қатысқан Ислам Шүкрятұлы лайық деп танылып, бас бәйгені (200.000 тг) жеңіп алды. ІІ орын Береке ауылдық мешітінің шәкірті Абдумәлік Жандәулетке  (100.000 тг), ал ІІІ орын «Биеке батыр» мешітінің шәкірті Жанәділ Бегалиевке (50.000 тг) бұйырды.

Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған өзге қатысушыларына да алғыс хаттар пен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешіті Алланың Кәләмын насихаттау шарасын ұйымдастыруға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!