preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Құраным – асыл тәжім» атты шара өтті

Талғар ауданы: «Құраным – асыл тәжім» атты шара өтті

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Құраным – асыл тәжім» атты шара өтті.

Рухани шараның басында Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлының көркем насихатынан кейін, «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесінің директоры Гүлзат Ескендірқызы Құранның хатым дұғасын оқып, көпшілікпен дұға етті.

Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы білім алудың маңыздылығы мен дініміздегі әйел затының дәрежесі туралы айтып өтті. Гүлзат Ескендірқызы жамағатты қасиетті Құранды үйренуге шақырып, бірқатар аяттарға қатысты қызықты деректермен бөлісті. Шамалған ауылындағы «Қарасай батыр» мешітінің ұстазы Бұлбұл Насырхан Құран оқудың артықшылығы жайлы сөз қозғады.

120-ға жуық қыз-келіншек, асыл аналар мен ақ жаулықты әжелер қатысқан жиында Құранға түскен сауат ашу курсының 85 шәкіртіне тәж кигізілді.