preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс өтті

Талғар ауданы: «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс өтті

Алматы облысы Талғар ауданының дін қызметкерлері арасында «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басында Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы жиналған қауымға сайыстың негізгі мақсатын түсіндірсе, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы сайыстың шарттарына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Аталған сайысқа 25 имам қатысты. Байқау нәтижесінде келесі қатысушылар облыстық деңгейде өтетін жарысқа жолдама алды: Дарын Есенов, Әшім Шәмкей және Алмас Жұматаев.