preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Тәуелсіз елімнің бақытты баласы» атты шара өтті

Талғар ауданы: «Тәуелсіз елімнің бақытты баласы» атты шара өтті

Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты «Рахымберген қажы» мешітінде жергілікті Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен рухани — танымдық шара өтті.

Өскелең ұрпаққа Отанның қадірін ұғындыру, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жүзеге асқан «Тәуелсіз елімнің бақытты баласы» атты шара барысында балақайлар үшін арнайы қойылымдар көрсетіліп, викториналық және өзге де ойындар өткізілді.

Қатысушылар үшін ақ дастарқан жайылып, сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді.