ТАЛҒАР АУДАНЫ: ЖАТ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Талғар ауданы, «Биеке батыр» мешітінде » Жат ағымнан сақтану жолдары» атты өңір имамдары мен ұстаздарына арналған семинар өтті. Шараны аудан имамының ұсынысымен дінтанушы Қаражанов Дінасыл ұйымдастырды. Сонымен қатар, аудан имамы Ерқанат Серікұлы да қатысып, қоғамдағы өзге ағым өкілдерінің жұмыс жасау жүйесінің негізіне тоқталып, олардан сақтанудың маңыздылығын айтты. Дінтанушы Қаражанов Дінасыл қатысушыларға жат ағымнан келетін қауіп пен олардан сақтанудың жолдарын, білімді, діни сауатты болудың маңыздылығын түсіндірді. Барлығы 25 дін қызметкері қатысқан семинар пайдалы әрі қажетті ақпараттарға толы болды.