ТАЛҒАР АУДАНЫ: ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас – Сыддық» мешітінде «Жат діни ағымдардан сақтандыру» атты семинар өтті.
Семинарды «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, РАТТ мүшесі, теолог Тимур Нүсіпханұлы жүргізді. Шараны аудан имамы Ерқанат Серікұлы ашып, аталмыш семинардың қатысушы имамдар үшін маңыздылығын түсіндірді. олармен күрес, қарапайым халықтың діни сауаттылығын арттыру, дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мәселесі өзектілігін жойған емес. Бұл бағытта түрлі профилактикалық шаралар, сауат ашу курстары, семинарлар ұйымдастырылып, баспа өнімдері де жарық көріп, алдын -алу шаралары өткізіліп келеді.
Имамдардың сауаттылығы жоғары деңгейде болуы шарт екендігін атап өткен Тимур Нүсіпханұлы, басты міндет рухани құндылықты, Ислам дінінің құндылығын ұғындыру екендігін баса айтты. Сондай-ақ, теріс ағым өкілдерімен жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерге тоқталып, өз тәжірибесімен бөлісті.
«Біз дәстүрлі діни бағыт – Ханафи мәзһабын ұстанамыз. Бұл жол – бабаларымыздың ұстанған жолы. Ең әуелі біз осы бағытта сауаттанып, білімді болуымыз шарт. Діни сауаты төмен адамның жат ағымнан сақтану иммунитеті төмен болады. Тез арбанады. Тура жолдан адасу – діни сауаттылықтың жоқтығынан. Жат ағым мүшелерінің психологиясын ұғыну, жүріс – тұрысын түсіну, санасына әсер ету үшін ең алдымен өзіміз сауатты болуымыз – шарт» — деп атап өтті.
Семинар соңында қатысқан мешіт имамдарына «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы арқылы жарық көрген «Ислам ғылымхалы» және «Тағдыр» атты екі кітапты тарту етілді.