preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданы: «Зияткер имам» тақырыбында семинар өтті

Талғар ауданы: «Зияткер имам» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Талғар ауданының дін қызметкерлеріне арналған «Зияткер имам» атты семинар ұйымдастырылды.

Имамдарың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын аудан бас имамы Нұржан Пірәліұлы ашып, ҚМДБ тарапынан қабылданған «Зияткер имам» тұжырымдамасының мақсат-міндеттері туралы кеңінен ақпарат берді.

Сондай-ақ, Нұржан Пірәліұлы жергілікті мешіттерде қызмет ететін имамдардың жан-жақты болуын, қабілетінің жоғары болуы талап етілетінін атап өтіп, аталмыш құжатпен мұқият танысып, ондағы айтылған талаптарға көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды.