preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА «АДАЛ АС – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА «АДАЛ АС – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Еңбекші ауылында жамағатқа арналған «Адал ас – денсаулық кепілі» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға Талғар ауданы бойынша «Халал Даму» бағытына жауапты Айдын Жеңісұлы қатысып, жамағатқа халал өнімдерді тұтынудың маңызы мен адал астың адам өміріндегі орны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында халал тағамға қойылатын талаптар, азық-түлік өнімдерін таңдауда мұқият болу және күнделікті өмірде адал ас тұтыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ адал ас тұтынудың діни тұрғыдан маңыздылығы мен денсаулықты сақтаудағы орны түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар тақырып аясында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Аталған шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында халал өнімдерді тұтыну мәдениетін кеңінен насихаттау, адалдық қағидаттарын дәріптеу және халал талаптары жөніндегі діни сауаттылықты арттыру.