Талғар ауданында Құрбан айтқа қатысты жиын өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес Құрбан айт мейрамына орай Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.
Аудан бас имамы Нұржан Пірәліұлы жергілікті дін қызметкерлеріне алда келе жатқан Құрбан айт мерекесін барынша дайындықпен қарсы алуға, сондай-ақ қасапханалардың тазалығына ерекше мән беруге және қасапшылардың қызметіне мұқият болуды тапсырды.