preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында жаңа мешіт ашылды

Талғар ауданында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысына қарасты Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жаңа мешіт ашылды. «Қоңқабайұлы Жусы» мешітінің ашылу салтанатына Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы қатысты.

Алматы облысының бас имамы Тұздыбастау ауылының тұрғындарын мерейлі сәтпен құттықтап, құлшылық үйінің құрылысына демеуші болған азаматтарға алғысын білдірді.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа құлшылық үйінің имамы болып Меңіспаев Жайлаубай тағайындалды.

Мадияр қажы Тағайбайұлы құлшылық ордасының ашылуына жиналған көпшілікпен бесін намазын оқып, еліміздің және жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.