preloader

Жаңалықтар

«ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» ОРТАЛЫҒЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙҒА ТАРТУ ЕРТІЛДІ

«ҚАМҚОР-ШАРАПАТ» ОРТАЛЫҒЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙҒА ТАРТУ ЕРТІЛДІ

Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы зиялы қауым өкілдері мен дін қызметкерлеріне арнап ауызашар дастарханын жайып «Қамқор – Шарапат» орталығына көлік кілтін тарту етті. 

Шараға сондай – ақ аудан әкімдігінің қызметкерлері де қатысты. Басқосуда аудан әкімі Танат Есенкелдіұлы қуанышты жаңалықпен бөлісіп, аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітіне су жаңа «Газель» автокөлігін сыйға тартты. Бұл көлік алдағы уақытта ел игілігі үшін «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі үшін пайдаланылатын болады. «Қамқор – Шарапат » орталығының Алматы облысы бойынша жетекші маманы Кулманов Жанабек Амантайұлы сөз сөйлеп, сала маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде аудан имамы Ерқанат Серікұлы аудан басшысы Танат Есенкелдіұлына алғысын білдіріп, жамағат атынан ризашылығын жеткізіп, дұға жасады. Айта кетерлігі, мұндай орталықтардың қызметі дүниеден өткен адамды ақтық сапарға шығару кебіндеу, жуындыру сынды жоралғыларды шариғи тұрғыда, зиратқа қатысты мәселемен барушыларға және зиярат етушілерге шариғат шеңберінен шықпайтындай әдептерді үйретеді.