preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ИМАМДАРЫ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫН НАСИХАТТАДЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ ИМАМДАРЫ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫН НАСИХАТТАДЫ

Алматы облысы Талғар ауданының имамдары жергілікті құдайы астарда ҚМДБ-ның «Ас беру мәдениеті» құжатын жамағатқа таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Насихат барысында имамдар ас беру рәсімінде ысырапшылдыққа жол бермеу, орынсыз бәсекелестіктен аулақ болу және қарапайымдылықты ұстанудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар ас берудің негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауапты амал жасау және ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайту екенін жеткізді.

Дін қызметкерлері жамағатты ас беру мәдениетін қалыптастырып, ұлттық дәстүр мен шариғат талаптарын үйлестіре отырып, ізгі амалдарды дәріптеуге шақырды.