preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ МЕШІТТЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ

ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ МЕШІТТЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмыс жоспарына сәйкес, тамыз айында Талғар ауданына қарасты 30 мешітте дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Игі бастамаға аудан мешіттерінің имамдары, демеушілер мен мешіт жамағаты белсенді қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына дайындалып жатқан оқушыларға 500 мектеп сөмкесі мен қажетті оқу құралдарын табыстады. «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі» бастамасы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шаралары көпбалалы және жалғызбасты аналардың балаларына, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілді. Акцияның негізгі мақсаты – балаларды жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы қолдау көрсету, олардың көңіліне қуаныш сыйлап, білім алуға деген ынтасына серпін беру.

Талғар ауданының мешіттері қайырымдылық пен ізгілікті насихаттайтын бұл игі бастамаға белсенді атсалысып, қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Алла Тағала осы игі іске атсалысқан барша демеушілер мен жамағаттың жасаған қайырымдылығын қабыл етіп, еселеп қайырын берсін!