preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданының мешіттері жылды қорытындылады

Талғар ауданының мешіттері жылды қорытындылады

Алматы облысына қарасты Талғар ауданының құлшылық үйлері 2023 жылдың қорытынды жиналысын өткізді.

Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде өткен шара барысында дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген бес бағыт аясында және жыл бойы атқарылған өзге де жұмыстар бойынша егжей-тегжейлі есеп берді.

Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы имамдардың есептерін тыңдап, алдағы уақытта ескерілуі тиіс мәселелерге тоқталды.

Жиын соңында аудан бас имамы жыл көлемінде нәтижелі жұмыс атқарған бірқатар дін қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті.