preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАРДА 100 БАЛА ОҚУ ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

ТАЛҒАРДА 100 БАЛА ОҚУ ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында “Мектепке жол ” акциясы ұйымдастырылуда. Осы бастама аясында Талғар ауданында 100 балаға жаңа сөмкелер үлестірілді.

Акция аясында тұрмысы төмен отбасыларында тәрбиеленіп жатқан оқушы балаларға мектеп құрал жабдықтарымен толтырылған сөмкелер таратылады. Жылдағы дәстүр бойынша Талғар ауданы да бұл акцияға өз үлесін қосты. Аудандық “Әбу Бәкір ас-Сыддық ” мешітінде “Мектепке жол ” өтіп 100 балаға сумка таратылды. Аудан имамы Ерқанат Серікұлы балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, дұға жасады. Ата – аналар алғыстарын білдірді.