preloader

Жаңалықтар

ТАЛҒАРДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ТАЛҒАРДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Талғар қалалық Рахымберген қажы мешітінде діни сауат ашу курсына қатысушы шәкірттер арасында білім сайысы өтті. Сайысқа 17 шәкірт қатысып бақ сынады. Сайыс 3 бағытта ұйымдастырылды. Құран сауаттылығы, қырық парыз және мақал-мәтелден жарыс.
Сайысты аудан имамы Ерқанат Серікұлы, аудандық мешіттің найб имамы Аянов Тілеужан, қари Нақыпбек Бағжан, және «Рахымберген қажы» мешітінің имамы Қасымхан Қалдыбайұлы бағалап, жеңімпаздарды марапаттады.
Нәтижесінде жүлделі 1- ші орынды Құрбанов Нұржанат, 2 – ші орынды, Рүстембек Димаш
3-ші орынды шәкірт Нусуратулла Азизбек иеленді.