preloader

Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде ағаш көшеттері отырғызылды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде ағаш көшеттері отырғызылды

«Таза Қазақстан» Республикалық жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің ауласында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған игі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалықтың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, мұндай бастамалардың қоғам үшін, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше екенін атап өтті.

Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенділік танытып, аула аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Сонымен қатар мешіт аумағына тал көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Ағаш отырғызу – сауапты іс әрі экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды тетігі. Осындай шаралар арқылы қоғамда табиғатқа деген жанашырлық артып, тазалыққа деген жауапкершілік нығая түседі.

Аталған шара – ел көлемінде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясының жарқын көрінісі.