preloader

Жаңалықтар

«Тазалық – иманның жартысы»: Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті

«Тазалық – иманның жартысы»: Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті

Алатау қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде және Жетіген шағын ауданында Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Тазалық – иманның жартысы» атты игі шара ұйымдастырылды.

Сенбілікке Жастар ісі секторының өкілдері, Жастар орталығы және еріктілер қауымы атсалысып, мешіт аумағын, көше бойларын және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, айналаны көркейтуге үлес қосты.

Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлық танытып, қоғамды тазалық пен тәртіпке шақыру. Сонымен қатар жастардың белсенділігін арттырып, табиғатқа деген жауапкершілікті насихаттау да көзделді.

«Тазалық – иманның жартысы» қағидатын ұран еткен сенбілікке қатысушылар бұл бастаманы қоғамға үлгі болатын ізгі іс деп бағалап, табиғатты қорғау мен туған жерді таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.