preloader

Жаңалықтар

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КУРС ӨТТІ

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІК» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КУРС ӨТТІ

2025 ж. 13-23 қаңтар аралығында «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаһандық құзыреттілік» тақырыбы аясында курс өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған арнайы курсқа колледж ұжымынан 24 ұстаз қатысты.
Теориялық және тәжірибелік сабақтармен қатар спикерлер Саметова Ж. Х., Арзымбетова С. Ж. тыңдаушылармен жасанды интеллект мүмкіндіктері, ХХІ-ғасыр дағдыларын жетілдіру (hard skills, soft skills, human skills, mobility skills, action research), мәдениетаралық байланыстарды нығайту және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізді. Шара соңында қорытынды тестілеу алынып, жобалар қорғалды. Сонымен қатар, қатысушыларға ұлттық орталық атынан арнайы сертификат табысталды.
Үшқоңыр медресе колледжі директоры Таттибаев М. С. және колледж ұжымы оқу бағдарламасын ұйымдастырушы «Өрлеу» орталығы мен спикерлерге алғыс айтып, алдағы уақытта аталмыш игі істің жалғасын табатынына сенім білдірді.