preloader

Жаңалықтар

Үшқоңыр медресе-колледжінде Бас мүфти кеңесшісі жастарға насихат айтты

Үшқоңыр медресе-колледжінде Бас мүфти кеңесшісі жастарға насихат айтты

Алматы облысы, ҚМДБ-ға қарасты Үшқоңыр медресе-колледжінің шәкірттерімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиінің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков кездесті.

Кездесуде ұстаз жастарға ілім алудың артықшылығы, харамнан тыйылу және нәпсіні тәрбиелеу тақырыптарында тағылымды насихат айтты.

– «Құдайды ұмытпасаңыздар, Алла да сіздерді ұмытпайды. Кімде-кімнің себебімен бір адам дінге кірсе, одан асқан бақыт жоқ», – деді Смайыл Сүйерқұлұлы.

Сондай-ақ ол қазақ нақылдарына сүйене отырып, жастарды білімге ынталандырды:
– «Қазақта “Білім инемен құдық қазғандай” деген сөз бар. Болар бала 15 жасында “жаспын” дейді, болмас бала 30-да да “жаспын” деп жүре береді. Сіздер де кешегі зиялы бабаларымыз секілді жастайларыңыздан ілім жолына кірісулеріңіз керек», – деп атап өтті.

Жиын соңында Бас мүфти кеңесшісі:
– «Білім жолындағы жанға көктегі, жердегі, тіпті судағы барлық жаратылыс Алладан жарылқау тілейді. Бұл – үлкен бақыт. Діни білімнің мәні ерекше», – деп шәкірттерге насихат айтты.