preloader

Жаңалықтар

ҮШҚОҢЫР МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҮШҚОҢЫР МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Үшқоңыр медресе колледжі» жеке мекемесіне жаңа директор тағайындалды.

ҚМДБ Төрағасының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі №2530 бұйрығына сәйкес, Дәуренбек Жандосұлы 2026 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ҚМДБ-ның Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Түркістан-1» аудандық мешітінің бас имамы қызметін сақтай отырып, «Үшқоңыр медресе колледжі» жеке мекемесінің директоры болып тағайындалды.

Жаңа басшыны медресе-колледж ұжымына Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңа қызметінде Дәуренбек Жандосұлына діни білім беру ісін дамытуға, білікті діни кадрлар даярлауға бағытталған жұмыстарына толағай табыс пен береке тілейміз.