«Үшқоңыр» медресе-колледжіне көлік сыйға берілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігіне қарасты «Үшқоңыр» медресе-колледжіне ерекше сый жасалды.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, жомарт жандардың қолдауымен медресе-колледжге көлік және интерактивті тақта сыйға берілді.
Аталмыш сыйлықтарды наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы оқу ордасының басшылығына табыстап, осы жерде білім алып жатқан шәкірттер үшін дұға жасады.