preloader

Жаңалықтар

«Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берілді

«Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берілді

Рамазан айының құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігіне қарасты «Үшқоңыр» медресе-колледжінде дастарқан жайылып, ауызашар берілді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында жүзеге асқан рухани шарада Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікке Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы насихат айтып, осы жерде білім алып жатқан шәкірттер үшін дұға жасады.

Алла Тағала ауызашар ұйымдастырған және оған үлес қосқан әрбір жомарт жанға адамзаттың мырзасы (с.ғ.с.) сүйіншілегендей ораза тұтушының сауабын нәсіп еткей. Әмин!