«ҮШҚОҢЫР» МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ «Әйел – қыздар» секторы Алматы облысы бойынша жауапты маманы Назерке Әкішқызы «Үшқоңыр» қыздар медресе-колледж шәкірттеріне “Қазақ қоғамындағы тарихта есімдері қалған аналар келбеті” тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында ұлт тарихында орны бөлек аналар бейнесі, қазақ әйелінің көркем образы айқындалып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымына үлгі алар тұстары сөз етілді.
Және шариғат пен дәстүрді біріктіре отырып, әдеп, тәрбие, тектілік, парасаттылық, үлкенге құрмет, сыйластық секілді асыл қасиеттеріне тоқталды.
Сонымен қатар медресе қыздарына 60 дана Құран қоятын тақта сыйға тарту етіліп, дастархан жасалды.