preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы: Қасапшыларға арналған дәріс өтті

Ұйғыр ауданы: Қасапшыларға арналған дәріс өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен қасиетті Құрбан айт мейрамына орай Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық мешітінде қасапшыларға арналған дәріс ұйымдастырылды.

Үлкен Ақсу ауылдық мешітінің наиб имамы Авдинов Шаһрияр шариғат нормаларын сақтап, халал стандартқа сай мал сою – үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндірді.