ҰЙҒЫР АУДАНЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
Ұйғыр ауданыны орталық мешітінде аудандық деңгейде жасөспірім балалар арасында құран жарысы өтті.
Ауданның бас имамы Аширбаев Алмат Абдимуталіпұлының ұйымдастырумен, мешіт ұжымы атсалысқан құран байқауына 2 ші мешіттен, Тасқарасу ауылдық мешіті, Шарын ауылы “Идрис” мешіті, Үлкен Ақсу ауылдық мешіті, Шырын ауылдық мешіті, Долайты ауылдық мешіті, Сүмбе ауылдық мешітінен шәкірттер қатысып құранның 30-шы парасынан және жарты парадан жатқа оқудан бақ сынасты.
30-параның жартысын жатқа оқып өзара бақ сынасқан шәкірттер арасында оза шауып ерекше көзге түскен
1 орын Рахымжанов Муслим 20 000 теңге (Шырын ауылы)
2 орын Мырзалимов Амир 15 000 теңге (Шонжы 2 ші мешіті)
3 орын Азатов Мұхаммед 10 000 теңге (Үлкен ақсу)
3 орын Долқунов Мұхаммед 10 000 теңге (Шонжы)
30-шы параны толық жаттаған шәкірттердің арасынан жүлделі орынға ие болып, облысқа жолдама алған жеңімпаздар:
1 орын Сарпеков Ханәли 30 000 теңге (Үлкен ақсу)
2 орын Марисов Ибраһим 20 000 теңге (Үлкен ақсу)
3 орын Заманбек Ислам 10 000 теңге (Тасқарасу)