ҰЙҒЫР АУДАНЫ: «ЖЫЛУ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Ұйғыр ауданы бойынша мешіттердің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Ауданға қарасты Тасқарсу ауылы, Шарын ауылы, Үлкен Ақсу ауылы, Тиірмен ауылы, Шонжы ауылдарында мұқтаж жандарға демеушілердің көмегімен жалпы саны 65 тонна қыстық жылу отыны көмір таратылды. Көмекке мұқтаж отбасылары мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандарға алғыстарын жеткізді.