preloader

Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы: «Зияткер имам» тақырыбында семинар өтті

Ұйғыр ауданы: «Зияткер имам» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Ұйғыр ауданының дін қызметкерлеріне арналған «Зияткер имам» атты семинар ұйымдастырылды.

Имамдарың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын аудан бас имамы Бақтияр Әбуұлы ашып, сөз кезегін Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы, өңіріміз бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты маман Сакен Еншібайұлына сөз берді.

Өз кезегінде Сакен Еншібайұлы имамдарға жоғары діни біліммен қатар халықпен тіл табысу шеберлігі, іскерлік сияқты қабілеттердің қажет екендігіне тоқталып, «Зияткер имам» құжатында келтірілген дін қызметкерінің бейнесі заман талабы екендігін айтып өтті.

Бұдан бөлек, Ұзынағаш ауылдық мешітінің имамы, өңіріміз бойынша діни оңалту бағытына жауапты маман Ануархан Ғазизұлы жат ағымдармен жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен имам Матуриди ақидасының негіздерін жамағатқа кеңірек түсіндірудің маңыздылығын сөз етті.

Семинардан кейін Сакен Еншібайұлы мешіт сөрелеріндегі кітаптарға шолу жасап, діни еңбектердің Ханафи мәзһабы және Матуриди сенім мектебіне сай екендігін тексерді.